Қостанай облысының Құрметті азаматы атағы берілді
Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бір топ еңбек ардагеріне құрмет көрсетілді. Олар Қостанай облысы және Қостанай қаласының Құрметті азаматы атағына ие болып, Қостанай облысының 80 жылдығына арналған мерейтойлық төсбелгімен марапатталды.
Құрметке ие болғандардың арасында Ұлы Отан соғысының ардагерлері, еңбек ерлері, денсаулық сақтау саласының үздіктері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, мемлекеттік қызмет ардагерлері, халық шығармашылығының әр түрлі саласында еңбек етіп, облыстың өркендеуіне үлес қосқан азаматтар бар. Дәрежелі марапатты облыс әкімі Архимед Мұхамбетов, облыстық мәслихаттың хатшысы Сайлаубек Есжанов, Қостанай қаласының әкімі Базыл Жақыпов тапсырды. Марапат иелерінің атынан облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы Кенжебек Укин сөз сөйледі.
Қымбат Досжанова
Суреттерде: марапаттау рәсімі барысында
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков.