Қостанай облысында алғаш рет постаматтар орнатылмақ

Бұл туралы «Қазпошта» АҚ Қостанай облыстық филиалының директоры В.Константинов мәлімдеді.

Постамат – сәлемдемелерді, интернет-дүкендерден тапсырыс берілген тауарларды альтернативті түрде жеткізу қызметі ретінде алуға арналған автоматталған терминал. Пошта қызметкерлерінің айтуынша, постаматтың артықшылықтары мол. Мәселен, сәлемдемені алу үшін байланыс бөлімшесіне барудың қажеті жоқ, клиент өз ыңғайына қарай жиі баратын жерінде, яғни бизнес-центр немесе сауда орталығында ала алады. Сондай-ақ, постматтардың көбі жұмыс уақытынан тыс мезгілде де, тіпті тәулік бойы жұмыс істейтіндері де бар. Бұған қоса, кезекте күтіп тұру немесе оператордың сіздің сәлемдемеңізді тауып әкелгенше күтудің қажеті жоқ.i-step4n

Бүгінгі таңда Қазақстан бойынша (Алматы, Астана, Қарағанды) 17 постамат орнатылған. Ал, биылғы жылдың соңына дейін 100-ден астам постамат орнатылады деп жоспарлануда. Ал, Қостанай облысында жыл аяғына дейін 5 постамат, оның 4-уі Қостанай қаласында, ал 1-уі Рудный қаласында орнатылмақ.

Қарлығаш ОСПАНОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓