Қалдықтар кәдеге жарайды

Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманың аясында, сонымен бірге өңірде қалдықтарды бөлек жинауды және өңдеуді дамытуға бағытталған облыс әкімдігі мен облыс прокуратурасының бірлескен «Қауіпсіз қалдықтар – біздің ортақ міндетіміз» жобасы қолға алынды. Облыс прокуратурасымен бірлекен Жоба аясында тұрғындардың қоқысты жинау мен сұрыптауға саналы қатынасын оятуға бағытталған өзге де іс-шаралар, сонымен бірге қалдықтарды бөлек жинау жұмысына барынша көп кәсіпкерлерді қатыстыру көзделген._MG_8501
Бұған дейін де мәлімденгендей, эко-бокстарды орнатудағы басты мақсат – азаматтарды қауіпті қалдықтарды, атап айтқанда электрондық қоқысты бөлек жинау тәжірибесіне тарту. Бұған батарейкалардың түрлері, кабельдер және сымдар, ұялы телефондар, гаджеттер, компьютер құрылғылары, ескі ноутбуктер, планшеттер және басқа шағын электроника жатады. Эко-бокстар толғаннан кейін ішіндегісін мамандандырылған кәсіпорындар өңдеуге жібереді.
Келешекте облыс аумағының «Технодом» сауда желісінің барлық филиалдарында, өзге де облыс орталығындағы ірі сауда орталықтарында осыған ұқсас контейнерлерді орнату жоспарланып отыр.
Мамандар ждұмыстардың нәтижесі өңірдің бұқаралық ақпарат құралдарында үнемі жарияланып тұратынын айтып отыр. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓