Қазақстанда «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы құрылды

Бүгін Астанада өткен брифингте түрлі қоғамдық ұйымдардың өкілдері «ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясына бірігу туралы мәлімдеді.
Коалиция сайлау рәсімдерін қоғамдық бақылау саласындағы жұмыстың  ашықтық және демократиялық қағидаларына негізделген жаңа формациядағы институтты білдіреді.
Коалиция құрамына әр өңірден байқаушылар, заңды консалтинг, медиа менеджмент және кәсіби койчинг жұмыстарын жүзеге асыру саласында үлкен тәжірибеге ие 160-тан астам ұйым кірді.
Коалиция жұмысын ұйымдастыру жеке дара емес, ұжымдық және тең құқылы басқару қағидасы бойынша жүзеге асырылатыны үлкен маңызға ие.
Іс-шара барысында Коалиция Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарының сайлауына қоғамдық байқаушылар ретінде қатысу туралы өз ниеттерін мәлімдеді.
Сондай-ақ, брифингке қатысушылар Коалицияның бір реттік бастама емес, жүйелі ұйым екенін, оның аясында сайлау рәсімдерін әдістемелік және құқықтық қамтамасыз ету, талдамалық және ақпараттық жұмыстарды ұйымдастыру, сайлау процестерінің саласында білім базасын қалыптастыру бойынша түрлі жобалар жүзеге асырылатынын атап өтті.
Коалиция жұмысының басты назары оған қазақстандықтардың сайлау мәдениетін байқауға және қалыптастыруға қатысуға қабілетті белсенді, талапшыл азаматтық күштерді тартуға аударылады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓