Тағы екі жәрмеңке өтеді

Бұл – араға 1,5 ай салып барып ұйымдастырылып отырған жәрмеңке. Осы жолы "Спорт сарайы" ғимаратының ішінде өтті. Қостанайдың ауылшаруашылық тауар өндірушілері 100 тонна өнімді арзандатылған бағамен саудаға қойды. Оның 30 тоннаға жуығы – ет өнімдері.Заставка-зимойСенбі сайынғы сауда-саттық мерекесін сағынып, асығып күткенге ұқсайды –  жиылған жұртшылықтың қарасы қалың. Келе-бара аяқ алып жүру мүмкін болмай кетті. Әлдекімге ішке кіру, енді біреулеріне тысқа шығу мұңға айналды. Жабық нысанда өткендіктен болар. Кезек – ұзын-сонар. Сөрелер адамнан көрінбейді. 

ярамр

Соған қарағанда, өнімдерге ұсынылған бағалар да көпшілік көңілінен шыққандай. Мәселен, жұмыртқа – 200 теңгеден. Нарықтағы бағасынан 60-70 теңгеге дейін арзан. Қаратүйнек – 50 теңгеден, сәбіздер – 70 теңгеден. Қант 190 теңгеден сатылды.

цены

 

ярм Бақсаң, бәрі де қажетті азық-түлікпен молынан қорланып алуға келген. Жыл басынан бері 157-ші рет өткізіліп отырған жәрмеңкенің басы-қасында облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғ.Нұрмұхамбетов болды. Ол өз сөзінде жаңа жылға дейін тағы екі рет жәрмеңке өтетінін айтты. Бірақ, әзірге, нақты уақыттары белгісіз.гауез

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓