Апаттан аяқсыз қалды (БЕЙНЕБАЯН)
Қостанай облысы Федоров ауданындағы тасжолда екі КамАЗ жүк көлігі соғысып, бір жүргізуші аяғынан айырылды.
Жан түршігерлік апат Федоров ауылынан төрт шақырым жерде болған, деп нақтылады Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінен. Полицейлер ҚР ҚК 345-бабы (Адамның денсаулығына ауыр зиян келтiру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуде.


Полицейлер оқиға сызбасын құрды, медициналық куәландыру жүргізілді. Екі жүргізуші де мас болмаған.
Қазақпарат