Облыс әкімінің құттықтауы
Сіздерді шұғылалы көктем мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл ғажайып күнде адамзаттың әдемі жаратылысына зор махаббат пен құрмет көрсетіледі.
Сіздердің арқаларыңызда отбасының берекесі сақталады және шаңыраққа жылу мен мейірім кіреді. Бізді, ерлерді шабыттандырып, өмірге құлшыныспен қарауға, сондай-ақ күш-қуатымызға сенуге жігерлендіресіздер. Табысқа жеткен әр ер-азаматтың артында нағыз әйел тұрады деп айтуға еш жүрексінбеймін. Сіздер біздің мақтанышымыз бен тірегімізсіздер!
Сіздер әрбір жанға өмір сыйлайсыздар, ұрпақты тәрбиелеп, отбасының жағдайын жасайсыздар, үй шаруашылығындағы істерді белсенді кәсіби және әлеуметтік қызметпен үйлестіресіздер.
Сіздердің еңбекқорлықтарыңыз бен даналықтарыңыз үшін және әлемді мейірімділік пен ізгілікке бөлей алатын қабілеттеріңіз үшін мың алғыс!
Құрметті нәзік жандар!
Шаңырақтарыңыз тыныштыққа, жайлылық пен игілікке бөленсін. Сүйіктілеріңіз бен сүйкімділеріңіз қиындық атаулыда қорған болсын. Барлық іс-әрекеттеріңіз бен бастамаларыңызда мол табыстарға қол жеткізіңіздер.
Сіздерге мықты денсаулық, әйел бақытын, мөлдір махаббат және өзара түсінушілік тілеймін!
Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов.