Қазақстан Президентіне арналған көрмені тамашалады
Қостанай облысы ТЖД қызметкерлері Қазақстанның Тұңғыш Президенті Күнін мерекелеу қарсаңында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барды.
Қазақстан Президентіне арналған экспозициялар Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында ерекше орын алады. 1995 жылы жаңа экспозициялық мұражайдың салтанатты ашылуында сыйлы қонақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті болды. Келушілерге мемлекет басшысы қостанайлықтарға өзі сыйлаған заттары көрсетілді. Қабылдағыш пен сағатты Нұрсұлтан Назарбаев Жеңістің 50-жылдығына арнап, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне сыйлады.Көрмеде Мемлекет басшының Қостанай жеріне сапар кезінде облыс басшылығымен, діни конфессияның өкілдерімен, шығармашылық адамдарымен және жастарымен түскен суреттер ұсынылды.Президент туралы кітаптардың арасында мұражайда 2012 жылы басылған жаңа кітап та бар. Онда құжаттардың көшірмелері, Президенттің 7-сыныпты үздік бітіріп, 8-сыныпқа көшірілгені туралы куәлік, оның өз қолымен жасалған биографиялық жазбалары бар. Кітапта Нұрсұлтан Назарбаевтың күнделіктегі жазбалары, жариялымдардың үзінділері сақталған. Президент Конституцияның жобасымен жұмыс жасаған күнделіктің жазбалары бар. ТЖД қызметкерлері мемлекет басшысы ағылшын тілі сабағында жасаған оқу жазбаларға, астананың ғимараттары мен монументтерінің ұзын-ырғаларына ерекше назар бөлді.
Тұңғыш Президентіміздің жетістіктері үлкен құрмет туғызып, Қазақстан халқының оған деген сенімділігін білдіреді.
Тұңғыш Президентіміздің жетістіктері үлкен құрмет туғызып, Қазақстан халқының оған деген сенімділігін білдіреді.
Қостанай облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы