Құтқарушылар алаңға шықты
«Динамо» спорт кешенінде Қостанай облысының ТЖД бөлімшелерінің қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир болды. Іс-шара Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Күнін мерекелеуге арналған бағдарлама шеңберінде жүргізілді. Жарысқа 8 команда қатысты.
Жарыс мақсаты: дене шынықтыру дайындығын, спорт шеберлігін жетілдіру, салауатты өмір салтын насихаттау, шағын футболдан Қостанай облысының құрама командасын құру үшін мықты спортшыларды анықтау болып табылады.
Турнир қатысушыларына кіріспе сөзбен Департамент бастығының орынбасары өртке қарсы қызмет подполковнигі А. Орымбаев сөз сөйледі.
Ол егемен Қазақстанның құрылған сәтінен бастап, Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері ел Президентінің табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың теріс салдарынан тұрғындарды және ел аумағын қорғау мәселелеріне үлкен назар аударатынын атап кетті.
Командалар жақсы дене шынықтыру дайындығын және төзімділігін, әдемі және қызықты ойын көрсетті. Көрермендер көп күрес пен әдемі голдар көрді.
Турнир жеңімпаздары Қостанай қаласының 3-ӨСБ командасы болды, екінші орынды Қостанай қаласының 1-ӨСБ футболисттері иеленді, облыс орталығының ТЖБ командасы үшінші орында орналасты. Подполковник А. Орымбаев жүлделі орынды иеленгендерге командаларға кубоктар, грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыстады.
Қостанай облысы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы