Тағылымды кездесу

Ұлт ұстазы Ы. Алтынсарин мемориалдық мұражайда ақын, журналист Нұрболат Мешітбаевпен кездесу кеші өтті. Шараға аға буын өкілдері мен әріптестері, оқушылар мен студенттер қатысты.15ktNhBWDBc
Нұрболат Қалыбекұлы – Қостанайдағы әдебиеттің белді өкілі саналатын талантты ақын, қаламы қарымды журналист, жас ғалым. Жаңа ғасырдың басында қарт Қостанай поэзиясына қадам басқан ақын халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломанты, республикалық «Алтын қалам» сыйлығының иегері атанған. 2007 жылы «Жан-гүлім» атты тұңғыш жыр жинағы жарық көрді.kPTtg5ExR-I
Кездесу кешінде сөз сөйлеген ұстазы, қазақтың көрнекті ақыны Серікбай Оспанов шәкіртінің ақындыққа деген құштарлығын аса жоғары бағалады.  
– Нұрболат сегізінші сыныптан бастап өлең жаза бастады. Оның, әуелі, ізденімпаздығы ұнайды. Нағыз ақын таптаурын ұйқастардан аулақ, поэзия жасай білуі керек. Ал Нұрболаттың қолынан ол келді. Мысалы, көп өлеңдерінен «Табанымды алайын тасқа жанып» деген сияқты тосын теңеулерді таба аламыз. Бұл ақынның ой ұшқырлығын аңғартады, – деді Серікбай Оспанов.
Әріптесіміз Нұрболат Мешітбаевтің ғылыми ізденістері де оқырман тарапынан оңды бағалауларға ие болған. Мәселен, «Сайтандық сана» атты ғылыми еңбегін көптеген республикалық сайттардан көріп жүрміз. Алдағы уақытта автордың тағы бір кітабы оқырмандарға ұсынылатын болады.l4NkScAHB1Q
Әдебиет әлеміне қадам басқан жастар ақын өлеңдері жайында бірқатар сұрақтар қойды. Кездесу кешін жас өнерпаздар ән-бимен әрледі.
 
Қасқырбай Қойшыманов

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓