Аралбай ауылындағы жүздесу
Қостанай қаласының тұрғыны, Торғай селосы, Арқалық қаласының құрметті азаматы, белгілі ақын, бірнеше поэзиялық және прозалық кітаптардың авторы, республиканың мәдениет қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты Нағашыбай Мұ-қатов өзі өскен, оқыған Жанкелдин ауданы, Аралбай ауылында-ғы Жанкелдин орта мектебінде оқушы, ұстаздармен, зейнеткер қарттармен жүздесті. Жылы шырайдағы кездесу барысында ақын құбылмалы коғам, адамдардың өзгеріске ұшыраған жан дүниесі, туған жер жайлы жаңа жырларын оқып, жұртшылық сауалдарына жауап берді.

(Өз тілшіміз)