Жас боксшылар жанкүйерлерді тәнті етті

Жангелдин аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен Тұңғыш Президент күніне арналған жеткіншектер арасында бокстан аймақтық біріншілік өтті.
Ашылу салтанатында сөз алған мектеп басшысы Еренбол Алматов, ауған соғысының ардагері Бөкейхан Смағұлов, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Ғабдол Омаров жас боксшыларға сәттілік пен жеңіс тілеп, ізгі ниеттерін жеткізді.
Жасөспірімдер арасында спорттың бір түрі боксты насихаттап, олардың спортқа деген қарым-қатынастарын жақсарту мақсатында ұйымдастырылған жарыста Арқалық қаласы, Амангелді ауданы және Жанкелдин аудандық спорт мектебінің болашақ былғары қолғап шеберлері күш сынасты. Бокс залында көптеп жиналған жанкүйерлер спортшылардың өнерін тамашалады. Тартысты да, қызықты да жоғары деңгейде өткен жарыс екі күнге созылды.

В@l - Ожан

-Менің басты мақсатым болаттай берік, темірдей мықты боксшыларды дайындап, облыс, республика көлеміне таныту. Келешекте осы арманымның орындалатынына кәміл сенемін. Құдайға шүкір бокс бөлімшесінің ашылғанына екі жылдай ғана уақыт болса да боксқа деген мектеп оқушыларының ынты – жігерлері артып келеді. Болашақтарынан зор үміт күтіретін жас боксшыларда жоқ емес,- дейді жаттықтырушы Ғабит Қапсаматов.
Жарыстың қорытындысына келер болсақ, жалпы командалық есепте жерлестеріміз жеңімпаз атанды. Ал әр салмақ бойынша 1 – 2 орындарды иеленген жас боксшылардың саны жетерлік. Ең жоғарғы 52 кг салмақта 1 – орынды Арқалық қаласының боксшысы Азат Сәбитов жеңіп алды. 2 – орынды торғайлық Ербол Биғазин еншіледі.
Сонымен қатар, белгіленген номинацияларда да үздіктердің есімі аталды. “Жақсы техникалық шеберлігі үшін” Ақжол Орманбек Арқалық қаласы және торғайлық Алихан Әмірхан марапатталды. “Жеңіске деген құштарлығы үшін” Амангелді ауданының боксшысы Әли Күмісбай лайықты деп бағаланды.
Барлық жеңімпаздар және арнайы номинация иегерлері бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттарға ие болды.
Осы жарыстың жоғарды деңгейде өтуіне мұрындық болып, демеушілік жасаған жеке кәсіпкер Серік Мырзағұловқа, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің мұғалімі Жанар Жұмағұловаға ұйымдастыру алқасының алғыстары шексіз.
 
                                                                   Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ
                                                                        Жанкелдин ауданы
 
         

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓