Жарыста жұлдыздары жарқырады

Қостанай қаласында жасөспірімдер арасында әмбебап жекпе-жектен республикалық турнир өтті. Білектілер бәсекесінде жерлестеріміз қарсылас шыдатпады.
Жарысқа барлығы  22 команда, 300-ге жуық спортшы қатысқан. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан, Хромтау, Қостанай, Тобыл қалаларынан, Ақтөбе, Ақмола облысынан, Меңдіқара ауданының үздіктерді бақ сынасты. Сайыс қорытындысында командалық есеппен 1-орынды Қостанай облысындағы әмбебап толық контактілі ұрыс федерациясы жеңіп алды. 2-орын Қостанай қаласының “Орда" клубы еншісінде. 3-орынға Әулиекөл ауданының Аманқарағай кентіндегі "Арлан" спорт клубы ие болды.
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓