Ұзынкөл ауданының әкімі болып Қанат Сәрсембаев тағайындалды
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Ұзынкөл аудандық мәслихатының депутаттарымен келісу бойынша жаңа аудан әкімін тағайындады. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Қанат Сәрсембаев Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы, жоғары білімді (халықаралық құқық жөніндегі маман, заң ғылымдарының кандидаты).2000-2002 жылдар аралығында ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінде маман, 2005 жылы – ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық басқармасының сарапшысы, 2011 жылға дейін ҚР Конституциялық Кеңесі Аппаратының құқықтық сараптау бөлімінің меңгерушісі болды. Соңғы уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыстар бөлімінің мемлекеттік инспекторы лауазымын атқарды.