Президент бай-бағыландарға ескерту жасады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бай бизнесмендерді әлеуметтік салаға инвестиция салуға, қоғамдық маңызы бар жобаларды дамытуға үнемі шақыратынын, алайда жауап ретінде кейде түсініксіз сылтауларды еститінін айтты, деп хабарлайды Экспресс К.
Олар қоғамнан алшақ болып, елдегі өмірді жақсартуға белсенді қатысуға ынтасы жоқ сияқты. Бай бизнесмендер әлеуметтік жауапкершіліктен қашқандай болып көрінеді. Мұндай ұстаным түрлі сұрақ тудырады. Біз қорытынды жасаймыз, – деді Президент.
Оның айтуынша, басқа елдердегі ауқатты адамдар тек ішкі проблемаларды шешуге ғана емес, сонымен қатар өздерінің бизнестегің байланыстарын пайдалана отырып, шетелде ұлттық мүдделерді ілгерілетуге жәрдемдеседі.
Біздің елімізге белсенді азаматтық патриотизм қажет. "Менің оған қатысым жоқ, шетте боламын" деген қағидатпен өмір сүріп, айналада болып жатқан нәрсеге араласпай қоюға болмайды, — деді Мемлекет басшысы.