Өсім – 10 пайыз

Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов Қостанай, Рудный қалаларының және Қостанай ауданының әкімдерімен, ірі құрылыс компанияларының өкілдерімен, сондай-ақ "Отбасы банк" КҚ басшылығымен кеңес өткізді. Онда 2022-2024 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселесі қаралды.
Мәселен, аймағымыз бойынша 2021 жылға ар-налған тұрғын үйді пайдалануға беру жоспары 449 мың шаршы метрді құрайды, бұл ретте тұрғын үйді пайдалануға беру өсімі 2020 жылғы деңгейге қарағанда 118,3%-ды құрамақ (2020 жыл – 379,4 мың шаршы метр).
"Бүгінгі күні барлық жұмыстар мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мерзімдерін бұзбай, қаржыландыру кестесіне сәйкес жоспарлы режимде жүргізілуде. Бағдарламаны іске асыруға 2021 жылы бюджеттен 18,4 млрд теңге көзделген, оның ішінде: ИКИ жүргізуге – 10,1 млрд теңге, сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етуге – 3,9 млрд теңге, кредиттік тұрғын үй салуға, 4 млрд теңге 19 көп қабатты тұрғын үй салуға бағытталады. Алдағы уақытта (2022-2024 жылдар) тұрғын үйді іске қосу қарқынын жыл сайынғы 10% өсіммен сақтау жоспарланып отыр", – деді өңір басшысы.
Кеңес қорытындысы бойынша Архимед Мұхамбетов осы жылы тұрғын үйді пайдалануға беру көр-сеткішіне қол жеткізуді және 2022-2024 жылдарға тұрғын үй құрылысы жобаларын сапалы жоспарлауды қамтамасыз етуді тапсырды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓