Білім алмауыңа не кедергі, замандас?

ORSzlXxAZGE

 

Гүлнара Маматқадыр 
 
ҚМПИ филология факультетінің 1-курс студенті
 
 
 
Қазіргі жастар – ел болашағы.  Олар ел басының, өз ұлтының және ата-анасының үміт артқан асыл перзенттері. Жастардың бойындағы жалындаған сенім отыменен  Қазақстан болашақта дамып, көркейіп, өркендей түсетіндігіне сенімдімін. Қазіргі жастардың сенімінің басты  мақсаты – үздіксіз білім алу. Себебі, білім – еліміздің жан-жақты дамуының басты кепілі.
Болашағымыздың жарқын болуы үшін қазақ жастарының бойында игі қасиеттер болуы керек. Яғни, жастарда ертеңгі күнге деген үміт пен сенім, білімге деген құштарлық, еңбекке деген сүйіспеншілік, ерік-жігер, талап пен үлкен жауапкершілікті сезіну қасиеттері – кемелдікке бастар баспалдақ болып табылады.
Біздің тәуелсіз мемлекетімізде қарапайым халықтың өзін-өзі жетілдіруі үшін айтарлықтай жағдайлар жасалған. Соның ішінде, жоғарыда атап өткеніміздей, білім алу мүмкіндіктері барлық жағынан қамтамасыз етілген. Білімге құштар жастардың өз білімін дамытуы үшін мемлекеттік оқу мен шет елдік білім алу гранттары жастар үшін тағайындалған.student3
Мысалы, мен «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша  Түркістан қаласынан Қостанай қаласындағы ҚМПИ-ына білім алуға келдім. Ендігі білімді тәжірибе жүзінде жинақтап, өз мүмкіндіктерімді пайдаланғым келеді. Мұндағы білім жолы мені адастырмайтындығына кәміл сенімдімін. Ал, Сенің білім алу мүмкіндігіңе сенімің қандай, замандас?
 
 

You may also like...

1 Response

  1. Назерке айтты:

    Керемет дуние.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓