Боз кілемдегі балуандар бәсекесі

Облыстық балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерві мектебінде грек-рим күресінен ішкі біріншілік аяқталды. Оған Қостанай, Лисаков қалалары мен Таран, Әулиекөл аудандарынан келген спортшылар қатысты. Биыл бақтарын сынауға Ақмола облысының палуандары да ниет білдіріпті. Осы жарыстың бел ортасында жүретін рудныйлық грек-римшілер бұл жолғы бәсекеден белгілі себептермен бас тартқан екен.b63d72768d000df22496f952bc8c6e08
165 палуан 12 салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсетті. Жүлде қорын отыз алты спортшы сарапқа салды. Турнир жеңімпаздары болып Асқар Сақалов (27 кг), Владислав Сипачев (32 кг), Наил Омаров (38 кг), Тимур Оспанов (46 кг), Эльнур Жүсібеков (50 кг), Руслан Смағұлов (56 кг), Максим Украинцев (62 кг) және Ұлан Болатовтар (+62 кг) танылды.
Жарыстың ең үздік палуанына берілетін сыйлыққа Наил Умаров ие болса, жеңіске деген жігері үшін лисаковтық Илья Валеев марапатталды.
Грек-рим күресі облыста жақсы қарқын алып келеді. Жақында Астанада ҚР спорт шебері Ақылбек Мусиннің құрметіне орай республикалық турнирде қостанайлықтар жетістікпен оралған болатын. Балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерві мектебінің шәкірттері 76 келідегі Әмирхан Орызбаев пен 100 келіде өнер көрсеткен Дәурен Аманғалиев қола медальға ие болды. Спортшыларды білікті бапкерлер Қуанышбай Мұхамбетов пен Андрей Брыляков бастап апарған еді.
 
Қасқырбай Қойшыманов

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓