Рұқсатсыз сатып…
Қарабалықтық кәсіпкерге салықтық заңнаманы бұзғаны үшін 150 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Ол рұқсатнамасы жоқ алкогольдік өнімдерді саудалау мақсатында сақтап келген. Мұны мемлекеттік кірістер басқармасы жоспарлы тексеріс жүргізу барысында әшкереледі. Заңсыз сақталған ішімдіктер тәркіленіп, көлденең кәсібін дөңгелетіп келген азамат 75 АЕК айыппұл төлейтін болды.