Владимир Дядин: Кешірім сұраймын!

Жалған ақпарат таратып, Қостанай облысы тұрғындарын алаңдаушылыққа салған Владимир Дядин кешірім сұрады.Безымянный
Фейк авторы бүгін облыстағы Қостанай, Рудный, Лисаков және Тобыл қалаларының карантинге жабылғаны туралы дыбыс жазбасын таратқан еді. Оның "ақпаратында" Меңдіқара ауданының Ломоносов ауылының тұрғындарына 29 наурызда барлық трасса жабылатыны ескертілген.
Ол өз әрекетін әлеуметтік желілердегі коронавирус туралы ақпаратты қате түсінгенін айтып ақтағысы келді. Енді Владимир ел үшін қиын шақта дүрбелеңге салынып, фейктік сілтемелерге сенбеуге кеңес беріп отыр. Бұл кеңесін ол бейнеге жазды.
 
 
Қазіргі уақытта осы дерек бойынша тексеру жүргізіп жатыр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓