Жекпе-жектегі жетістіктер

Елордада Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы кубогі үшін қоян-қолтық ұрыстан республикалық турнир мәреге жетті. Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған жарысқа республиканың күштік құрылымдарынан  жасақталған 25 команда сынға түсті. «Дәулет» спорт кешеніне кілең «сен тұр, мен атайындар» жиылды. 

DSC_9304

Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Бүкілқазақстандық жекпе-жек ұрысы қауымдастығының президенті, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы Амантай Күренбеков жарыстың маңыздылығын тілге тиек етті.DSC_0428
Облыс намысын Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының құрама командасы қорғады. Осы оқу орнының 2-ші курс тыңдаушысы, бокстан және қоян-қолтық ұрысынан спорт шеберлігіне үміткер Асхат Жылысбеков аталмыш турнирдің күмісін еншіледі. 

DSC_9198

Техникалық айла-тәсілдерді жақсы меңгерген жас өреннің өнеріне білікті спорт мамандары таңдай қақты. Сондай-ақ, жарақаты сыр берген 3-ші курс тыңдаушысы Руслан Кәрімов қола медаль үшін өткен кездесуге қатыса алмады.
Жекелей сындарда сүйінші сұрарлық жеңістеріміз болмаса да, жалпыкомандалық есепте Қостанай облысы республикалық турнирдің үшінші тұғырына шықты. Себебі, жарыс ережесіне сәйкес жүлделі орындар әр салмақтағы ұпай көрсеткіштері бойынша сараланды.  

Қасқырбай Қойшыманов

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓