«Айдын-көлдің еркесі»
Осындай атаумен қаладағы облыстық қазақ жасөспірімдер театрында ҚР Мәдениет қайраткері, «Шертер» ұлттық этнографиялық ансамблінің негізін қалаушылардың бірі, әнші О. Мұқатованың концерті өтті.
Концерт республикамызға танымал айтыскер ақын, жерлесіміз Т. Өтепбаевтың жыр шашуымен басталды. Отаркүл Оразбайқызының әуелете салған әніне көрермендер ыстық ықыластарын білдіріп, халық әндерін қосыла шырқады.
Әсерлі ән кешіне «Ақбота» халықтық би ансамблі, «Еркежан» тобының әшілері, өзге де өнер жолында жүрген жас жұлдыздар үн қосты.
Кеш иесін қала әкімі Ғ. Бекмұхамедов құттықтап, облыстық мәдениет басқармасының грамотасын табыс етті. Сондай-ақ, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж. Ғапбасұлы, ҚР Мәдениет қайраткері, композитор Ж.Өмірбек жылы лебіздерін жеткізді.
Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ
Суреттерде: Кеш көріністері
Суреттерді түсірген автор
Арқалық қаласы.