Шарапатты шараға атсалысыңыз
Бүгін саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша жұмыс басталды. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасының "Инстаграм" желісіндегі парақшасында хабарланды."Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 24 қарашысында тиісті Жарлыққа қол қойған болатын. Бүгінде Қостанай облысында арнайы комиссия жұмыс істеуде. Оның құрамына архивтерді зерттеп, аймақтардың тұрғындарымен кездесетін ғалымдар мен қоғам қайраткерлері кірді. ⠀
Міндет – 1920-1950 жылдары қуғын-сүргінге ұшыраған, бірақ қазіргі уақытқа дейін ақталмаған азаматтар есімдерін анықтау. Бұның уақыт пен ресурстарды қажет ететін ауыр жұмыс екенін түсінеміз. Сондықтан облыс тұрғындарынан көмек сұраймыз", – делінеді жазбада.
Сондай-ақ хабарламада мәліметтер жинау үшін телеграмм-арна ашылғаны айтылған. Арна арқылы әр қостанайлық ақталмаған туыстары мен таныстары туралы ақпарат жібере алады. Ақпаратт Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы қабылдамақ. Осы шараға ат салысу үшін https://t.me/rpr_qostanai сілтемесіне жүгінуге болады. Сонымен қатар 8-7142-501-041 немесе 8-7142-575-195 нөмірлерінен ақпарат алуға мүмкіндік бар.