“Газеттеріңіз жақсарып келеді”
Қорғанбек қартты көшеде кездейсоқ кездестіріп қалдым. – Газеттерің жақсарып келе жатыр екен, – деді ол. – Бір жағдайға байланысты газеттері-ңізден қол үзіп кетіп едім. Жұрт мақтап жатқан соң, дүңгіршектерден сатып алып тұратын болдым.
Айтпақшы, "Қостанай таңы" бұрын дүңгіршектерге түспейтін еді. Қазір түсетін болыпты. Бұл да құптарлық іс. "Қостанай таңын" арғы "атасы" "Ауыл" кезінен өз атам Абдолла, кейін әкем Оқас жаздырып алып тұрды. Мен бұл газетті мектеп қабырғасы кезінен оқып келемін. Жаңа басшыларыңыз газетке жаңа леп әкеліп жатыр екен. Оның "Редактор әлемі" айдарымен шығып жатқан мате-риалдарын қызыға оқып жүрмін. Онда оқырманға ой тастарлық қызықты материалдар жарық көріп келеді. Сондай-ақ "Зерде", "Толғауы тоқсан тіршілік", "Замандас", "Тұлға", "Шымбайға батса да шындық", "Айтайын дегенім…", "Быды-быды", "Журналистің ой-толғамы" айдарларымен шығып жатқан материалдар да, жастарға арналған қосымша да жұрт назарын аударарлық. Бірақ бір өкініштісі, мұндай материалдар өте сирек шығады. Оқырманды тарту үшін газет қызықты, өткір материалдар жазып тұруы керек. Мен "Қостанай таңына" қайта жазылдым. Редакция ұжымына шығармашылық табыс тілеймін. Дамир ӘБІШ