Карантин: қаулыда қандай өзгеріс бар?

Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 19 қазандағы №51 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Толық мәтінді назарларыңызға ұсынамыз.карантин
         «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 9, 36, 102, 104 және 107-баптарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Карантиндік шараларды күшейту туралы» Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 19 қазандағы № 51 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
 «11) аквапарктердің қызметіне тыйым салу;»;
2) 1-тармақтың 27) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«27) қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне 30 отыратын орыннан аспайтын, жұмыс режимін сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін орната отырып, ұжымдық іс-шаралар өткізбей, ҚР МБДҚ №57 талаптарын сақтай отырып рұқсат етіледі, қалған уақытта тек шығаруға және жеткізуге жұмыс істеуге рұқсат етіледі;»;
3) 1-тармақ мынадай мазмұндағы 47) -49) тармақшалармен толықтырылсын:
«47) ашық ауада аттракциондардың қызметіне рұқсат беру;
48) Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен республикалық жарыстарды (бірыңғай республикалық күнтізбе бойынша) көрермендердің қатысуынсыз, тиісті аумақтардың бас санитарлық дәрігерлерінің келісімі бойынша күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтаған және бір мезгілде 100 адамнан аспайтын ҚР МБСДҚ № 57 талаптарын сақтаған жағдайда өткізуге рұқсат беру;
49) бір мезгілде 30 адамнан аспайтын күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтаған жағдайда облыстық командаларды даярлау үшін оқу-жаттығу жиындарын қайта бастауға рұқсат беру.»;
4) қаулының бүкіл мәтіні бойынша «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы № 43 қаулысы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 57 қаулысы» деген сөздермен ауыстырылсын, « ҚР БМСД №43 Қаулысы» деген мәтін «ҚР БМСД №57 Қаулысы» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын өз бақылауыма аламын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
 
В.Нечитайло,
Қостанай облысының
бас мемлекеттік санитарлық дәрігер                             
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓