Қостанайлық құтқарушылар жүлдегер болып оралды
26 мамыр және 5 маусым аралығында Алматы облысында "Жартасты қала – Астана" ҚР ТМЖ оқыту-жаттықтыру полигонында "Қазқұтқару – 2014" құтқару бөлімшелерінің 19-шы халықаралық жиын-семинары өтті.
10 күн бойы Қазақстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Беларусь, Ресей, Қырғызстан, Қытай құтқарушылары құтқару көпсайыстары бойынша өз кәсіби шеберлігін көрсетті. Командалар табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде авариялық-құтқару жұмыстарды жүргізу дағдылары мен шеберлігін көрсетті. 5 маусымда "Қазқұтқару-2014" құтқару бөлімшелерінің 19-ші халықаралық жиын-семинарында құтқару көпсайыстары бойынша жарыстардың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. 1-ші орынға Қостанай облысының аумағында орналасатын Қазақстан Республикасы ТЖ министрлігінің Солтүстік өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағының командасы ие болды. Бұдан басқа, Қазқұтқару-2014 ойнатқан алты кубоктің бесеуін СӨАЖҚЖ ұтып алды. Қостанайлық құтқарушылар бұл жолы да өз шеберлігі мен дағдыларын паш етіп, үшінші жыл қатарынан Қазақстанда ең мықты болып табылатынын дәлелдеді.