Жағажайда рейд өткізілді

Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ суда-құтқару қызметінің мамандары тәртіп сақшыларымен бірге Тобыл өзенінің арнасында орна-ласқан қауіпті суға шомылу орындарында рейдтер өткізуде.
DSC_0814
Суға шомылу маусымы басталысымен облыстың су айдындарында 10 адам суға кетті, оның ішінде балалар да бар. Осыған орай, Қостанайлық құтқарушылар суда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін демалатындардың назарын шақыратын профилактикалық ак-цияларды ұйымдастырды. Бірінші кезекте, құтқарушылар қаладағы орталық қалалық жағажайға барды. Демалатындарға қауіпсіздік ережелері жазылған парақшалар таратылды. Рейд барысында құтқарушылар мен полицейлер жағажайдың қасында үлкендердің қарауынсыз қалған балаларға баса назар бөлді. Жасөспірімдермен де әңгіме өткізілді. Қостанай суда-құтқару қызметінің басшысы Арон Байғожиннің айтуынша, Қостанай қаласының шекарасында бірнеше қауіпті жағажайлар бар. Ол Гагарин бөгеті мен КЖБИ аумағындағы өзен арнасы. Осы орындарда адамдардың қаза болу оқиғалары көп тіркеледі. Суға шомылуға тыйым салынған орындарда құтқарушылар ескерту белгілерін орнатты.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓