Ректор балы өтті

Рудный қаласының «Приз» мейрамханасында романтикалық би кеші – РИИ ректорының балы ерекше сән-салтанатымен өтті. Сұлу да сымбатты бойжеткен мен бозбалалар би кешіне үлкен дайындықпен келген екен. Әуелете шырқалған музыка әуеніне мың бұрала билеген олар дәстүрлі шараның сәнін кіргізді.рии
Биылғы салтанатты кеш Астана қаласының 20 жылдығына арналды. Басты мақсат болашақ инженер мамандардың бойында еліне деген патриоттық сезімді тәрбиелеу, оларды шығармашылық пен мәдениетке баулу, эстетикалық танымын кеңейтіп, өзара игі қарым-қатынас жасауға үйрету. Оны өткізу идеясы жоғары оқу орнының белсенді студент жастарына тиесілі.
Би кешіне оқу озаттары, ғылыми олимпиадалар және конференциялар, халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық конкурстардың жеңімпаздары, яғни институт мақтаныштары ғана қатысуға мүмкіндік алды. Бал, әсіресе, 1 курс студенттері үшін ерекше болды. Өйткені олар оқу үдерісінің ең қобалжулы кезеңі – қысқы емтихан сессиясын тәмамдап, жаңа белестерді бағындыруға бағыт алып отыр. Ал 4 курс студенттері үшін барлығы да соңғы рет – соңғы бал, соңғы сессия, алда мемлекеттік емтихан, диплом жұмысын қорғау.риии
Шараның салтанатты бөлімінде институттың ректоры, профессор Әбдірахман Найзабеков құттықтау сөз сөйлеп, 2017 жылы қол жеткізілген жақсы нәтижелер үшін белсенді жастарған алғысын білдіріп, алдағы оқуларына толағай табыс тіледі.IMG_9232
Кеште дарынды шығармашылық студенттердің орындауында көптеген жарқын, әсем және есте қаларлық нөмірлер дайындалды. Ал шарықтау шегінде көпшіліктің қалауымен Бал ханзадасы атағына «Менеджмент» мамандығының 2-курс студенті Дуйсенбаев Тимур мен Бал ханшайымына «Экономика» мамандығының 2-курс студенті Сергазина Фаризат лайық деп танылды.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓