ДОСТЫҚТЫ ТУ ЕТКЕН

Н.Островский атындағы қалалық кітапханада Қазақстан Журналистер одағының Қостанай облыстық филиалының төрағасы Сергей Харченконың «Екі ел, екі тағдыр, бір мақсат» кітабының таныстырылымы болып өтті. Оқырмандар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Ресей Президенті Владимир Путин туралы жазылған кітапқа байланысты көкейлерінде жүрген сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Автор әңгіме әлқиссасында кітаптың мазмұны жайында айтып кетті.IMG_0655
– Тарихи достығы қалыптасқан Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасының жаңа деңгейін, мемлекеттер басшыларының сарабдал саясатын сипаттадым. Мұндағы мақсатым айқын – Нұрсұлтан Назарбаевтың дамушы, демократиялық еліміздегі тарихи рөлін анықтау. Ал осы тұста біздің мемлекетімізбен өте жақсы қарым-қатынас орнатып, арадағы достықты ту ете білген Владимир Путиннің де кемел басшы ретіндегі орнын білуіміз қажет еді, – деді Сергей Харченко.

IMG_0656

Жиын барысында РФ Президенті В.Путиннің Қазақстанға жасаған ресми іссапары жөнінде бейнеролик көрсетілді. Іс-шараға студенттер белсене қатысып отырды. Мәселен, аймақтану мамандығының студенті Ләззат Бекмағанбетова (суретте) кітап авторынан кітапты жазуға түрткі болған себепті сұрады.

IMG_0684

 Өз кезегінде Сергей Харченко:
– Президенттер жайында көп кітаптар басылып шықты. Ал тағдыры мен мақсаты бір Қазақстан мен Ресейдің басшыларының қызметін баяндайтын ортақ кітап неге жазбасқа дегендей ой туды. Бұл кітапты екі жарым жыл ішінде жазып бітірдім. Кейіпкерлерімді зерттей келе, олардың шын мықтылығына көзім жетті, – деп жауап берді.IMG_0681
Кездесу соңында оқырмандар Ресей жазушылар Одағының мүшесі, жазушы Станислав Кабелевпен онлайн-әңгімелесуге мүмкіндік алды. Станислав Кабелев өзін қазақша таныстырып, мемлекеттік тілімізде пікірін білдіре келе:
– Мен Қостанайда тудым. Абайды, Жамбылды, Махамбетті оқыдым. Қазақстан – менің екінші Отаным. Тектілердің тұяғы Н.Назарбаевтың ерен еңбегінің арқасында Қазақстан халқы – тыныштықта өмір сүріп келеді. Аз ғана жылда Астана шаһарын тұрғызды. Елдің бірлігі артып, берекесі кірді. Мен ол кісінің өмірбаянын жатқа білемін.Ол – күллі Қазақстан мақтана алатын тұлға, – деді.
 
Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓