Мұғалім болып бес жыл еңбек еткенін сотта дәлелдеді

Жауапкердің тұрғылықты жері бойынша Рудный қалалық сотына Ақмола облысының Жарқайын ауданының “Экономика және қаржы” мекемесі жауапкерден 90720 теңге көлемінде қаражат өндіру туралы шағымымен жүгінді.айлык
Сотта мекеме өкілі өз талаптарын баяндап, жауапкер Н.-ға ауылдық жерге білім саласында жұмыс істеуге келген маман ретінде көтерме жәрдемақы түрінде әлеуметтік қолдау көрсетілгенін айтты.  Әкімдікпен бекітілген келісімге сай жауапкер Жарқайың ауданының “Зерноград жалпы білім беру мектебінің” ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып 5жыл жұмыс істеуге міндетті болған. Міндеттемені орындамаған жағдайда маман 90720 теңге көлеміндегі төлемді қайтаруға тиіс. Сот отырысы барысында жауапкер мектепте тиісті мерзім, яғни 5 жыл жұмыс істегенін дәлелдеді. Іс материалдары бойынша, мұғалім өз қызметіне 2009 жылдың 1 қыркүйегінде кірісіп, 2014 жылдың тамыз айында жұмыстан шыққан. Мектеп директорының берген анықтамасына сай, оның 5 жыл жұмыс істегені расталады. Сонымен қатар, мектеп басшысының  берген мінездемесінде білім орнында жұмыс істеген кезеңде Н.-нің өзін белсенді мұғалім ретінде көрсетіп, аудандық және облыстық конкурстарға қатысқанын, жеңімпаз атанып марапатталғаны көрсетілген. Дәлел ретінде мақтау қағаздары мен алғыс хаттары да көрсетілген. Еңбек кітапшасында жұмыс кезеңі көрсетіліп, міндетті зейнетақы жарнасы да аударылған. Бұл жауапкердің аталған мектепте жұмыс істегенін айғақтайды.сот
Бүгінде Н. Рудный қаласындағы мектептердің бірінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі қызметін атқаруда.   Сот Ақмола облысының Жарқайың ауданының “Экономика және қаржы” ММ-нің шағымын қанағаттандырмады.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
 
Қ.МАРАТҚЫЗЫ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓