Ахаңның тырнақалды туындысы

А.Байтұрсынұлының әзірге белгілі болып отырған тырнақалды мақаласы «Казахские приметы и пословицы» деп аталады. Мақала Орынборда шығатын «Тургайская газетаның»1895 жылғы № 39 санында жарық көреді. «Тургайская газета» – Торғай облысының «Тургайские ведомости» газетінің жексенбілік қосымшасы.Тургайская газета 2
Газет 1895 жылдың №25 санында далалық өлкелерде тұратын өз тілшілеріне қазақ арасынан ауа-райы туралы болжам (ырым)сөздерді жазып алып түпнұсқада немесе орыс тіліне аударып жіберулерін сұрайды. Аталмыш бастамаға А.Байтұрсынұлы үн қатып, қазақтың күн райына қатысты айтылатын 36 түрлі болжам (ырым) сөзін басылымға жолдайды.
А.Байтұрсынұлы мақаланы «Казахские приметы и пословицы» деп атаған. Оның себебі ол кейбір ауа райы туралы болжамдарды сөз еткенде, ол оған қатысты қазақтың мақал-мәтелдерін тілге тиек ете отырып баяндаған. Сондықтан болар мақала болжамдық сөз шеңберінен шығып, іргесі кеңейіп, онда қазақтың мақал-мәтелдері де қамтылған. Айталық, №4, 5 болжам сөздерде қазақтың ауа-райы ырымына қатысты бірнеше мақалдар келтіріледі.
Ахаң келтірген қазақтың бүгінгі қолданысындағымақал сөздерінің кейбірінің өзгеше нұсқасы да бар екенін аңғарамыз. Мысалы, қазіргі күні айтылып жүрген «Күн қораланса, күрегіңді сайла, ай қораланса, айырыңды сайла» деген мәтелХІХ ғасырдың соңында «Күн қораланса, күрегіңді сайла, ай қораланса арысыңды сайла» деп айтылып, мұндағы «арыс» деген сөз түйе жануарына қатысты айтылғанын бағамдаймыз. Бұл тұрғыда автор былай деп баяндайды: «Если появляется солнечный круг, то запасайся лопатами; если появляется лунный круг, то запасайся верблюдами». Это значит, что круг солнца предвращает глубокий снег, из под которого придется лопатами добывать корм для скота; круг же луны предвращает суровую зиму, когда приходится искать другой местности, где зима для скота благоприятные».
А.Байтұрсынұлының аталмыш мақаласынан көптеген ой түюге болады. Бүгінгі таңда мақаланың орыс тіліндегі түпнұсқасын қазақ тілінде сөйлету мәселесі өткір тұр. Әркім әртүрлі аударып, түпнұсқадан алшақтап кетпеу үшін кәсіби мамандардың біріге отырып аудару қажет-ақ. Біз бұған дайынбыз. Хабарласу үшін пошталық адресімізді ұсынамыз: absalmas@mail.ru.
 
Алмасбек Әбсадық,
Қостанай қаласы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓