“Достық керуені – бейбітшілікке жол”

Облыстың оқу орындары арасындағы осындай атаулы толеранттылық фестивалін Арқалықта Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі  ұйымдастырды.
Салтанатты шараның ашылуында еліміздің әнұраны асқақтап, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Мәнсия Кәрімқызы мен қалалық апталық "Торғай" газетінің директор-бас редакторы Арыстан Айтмағанбето құттықтау сөз сөйледі.2222
Театрландырылған көріністер, мың бұралған би, әсем әнмен, тәтті күймен көмкерілген фестивль салауатты өмір салтын насихаттайтын спорттық шараларды да айналып өтпеді.
Қатысушылар түрлі кезеңдер мен номинациялар бойынша жарысқа түсті. Нәтижесінде: "Әлем өнері" кезеңінің "Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы" номинациясы бойынша Арқалық көпсалалы колледжі және Торғай агро-техникалық колледжі, "Әлем дәстүрі" кезеңінің "Салт – дәстүр – асыл қазына" номинациясы бойынша Арқалық медициналық колледжі, "Фольклор – халықтың жүрегі" номинациясы бойынша Торғай гуманитарлық коледжі, "Достық керуені" номинациясы бойынша Арқалық көпсалалы колледжі мен Арқалық политехникалық колледжі марапатталды.

1111

Сондай – ақ, спорттық шараға қатысушыларға да облыс әкімдігінің білім басқармасына қарасты "Техника жане кәсіптік білім берудің өңірлік ғылыми – әдістемелік орталығының" арнайы дипломдары табысталды.
 
Мұрат Жүнісұлы
Суретте: Фестиваль көріністері
                                                                                 Арқалық қаласы.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓