Тарих және дәстүр

Қазақ хандығының 550 жылдығының аталуына орай  Л.Толстой атындағы Қостанай облыстық кітапханада  дөңгелек үстел кездесуі өтті.IMG_9548
«Қазақ хандығы: тарих және дәстүр» атты тақырыптағы  бас қосуға тарих ғылымдарының кандидаты, ЧелМУ КФ әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары пәндері кафедрасының доценті Айбек Шалғымбеков, тарих ғылымдарының докторы, ҚМПИ ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Еркін Әділ, филисофия ғылымдарының кандидаты Дмитрий Качеев сынды тұлғалар қатысты. Олар тарих беттеріне шолу жасады. Сан ғасырлар бойына атадан балаға мұра болып жеткен қазақ дәстүрі жайлы тарихи деректерді келтірді.IMG_9545
Өскелең ұрпаққа отансүйгіштікке тәрбиелеу. Халқымыздың тарихын біле отырып, дәстүрімізді құрметтеу, жастар бойына ұлтжандылық сезімін ұялату басты мақсаты болмақ.
 
Махаббат Бекбай
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓