Атын қойған ырымдап
Мынау суреттегі егіздер – Нұрсұлтан және Арай. Балақайлардың есімдерінде үлкен мән-мағына бар. Екеуі 2012 жылдың 1 желтоқсанында дүниеге келген. Сол жылы еліміз алғаш рет ҚР Тұңғыш Президенті күнін атап өтті емес пе. Сондықтан, олардың аттары жаңа мерекенің құрметіне орай қойылды. Қостанайлық жас отбасы Нұрлан мен Гүлден осыдан жеті жыл бұрын шаңырақ көтерген. Тұңғыштары Назгүл биыл бес жасқа толды. Одан кейінгісі суреттегі егіздер. Ерлі-зайыпталар кішкентай Нұрсұлтан мен Арайдың тәтті қылықтарын айтып тауыса алар емес. Үш жасар Нұрсұлтан сурет салғанды, жазғанды ұнатады екен. Ал Арай анасының қолғанаты. Асүйдегі жұмысқа араласып, ыдыс-аяқ жинауға көмектеседі. -Елбасы Н.Ә.Назарбаевты ерекше құрметтейміз. Ол – кемеңгер басшы, мықты саясаткер. «Ел басқаратын азамат болсын» деген сеніммен, баламызға ырымдап Нұрсұлтан деп ат қойдық. Біздің барымыз да байлығымыз да осы балалар. Отбасымыздың үмітін ақтап, халқының абыройлы перзенті болса екен, -дейді отанасы Гүлден Ахметжанова.
Егіздің сыңары Арайдың есімінің де өз мағынасы бар.
Арайлап таңым, асқақтап тауым,
Ән ойнап көгім, күй тартты көлім.
Қол жетті, міне, аңсаған күнге,
Жасай бер, жаса, қазағым менің,-деп басталатын «Елім менің» әні бар еді ғой. Сол әннің алғашқы сөзін қысқартып қыз баланың атын Арай деп қойды. Жас отбасы Қостанай-2 шағын ауданында пәтер жалдап тұрып жатыр. Жас отбасы қаладағы баспананың кезегінде жоқ. Себебі, бұл отбасы кезекке тіркелушілер санатының біреуіне де жатпайды. Нұрсұлтан мен Арайдың балабақшаға барғысы келеді. Бірақ, оның да кезегі келер емес.

Қымбат ДОСЖАНОВА.
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.
Екеуі де Президент күнінде туылған екен. Осындай жас отбасыларды көтеру керек бізге. Оларға үй беріп, демеп жіберсек демографиямыз да жақсарар еді. Балалар қандай тамаша, көздері мөлтілдеп тұр.
Тәп-тәтті түрлерінен сол!!! Балақайлар жүз жасасын!!!