«Қазақ елі» ̶ көп сериялы фильм Онда біздің аймақтан шыққан жас актер Нияз Шайсұлтанов та ойнайды

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Қазақ елі» көпсериялы фильмі түсіріліп жатқаны белгілі.  Қазақ мемлекеттінің құрылу тарихын баяндайтын фильмде 23 жастағы қостанайлық актер Нияз Шайсұлтанов та ойнайды.  нияз2Он бөлімнен тұратын фильм Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының желісімен түсірілуде. Онда XV ғасырдағы қазақ даласындағы оқиғалар, Керей мен Жәнібектің Әбілқайырдан бөлініп шығуы, Қазақ хандығы негізінің қалануы туралы баяндалады. Түсірілім жұмыстары Алматы облысының маңында және Қытайда жүріп жатыр. Фильмнің режиссері – Рүстем Әбдіраш. Тарихи туынды жылдың соңында көрермендердің назарына ұсынылмақ. Аталған фильмге түсіп жатқан жас актер Нияз Шайсұлтанов астықты аймақтың тумасы. Қостанай қаласындағы №9 мектепті бітірген. Мектепті аяқтаған соң  ҚМПИ-дың ағылшын тілі бойынша филиология мамандығына оқуға түседі. Бірақ «актер болсам» деген арманы алға қарай жетелеп, оқуын аяқтамастан Алматыға кете барады. Жиырмаға жаңа толған жасқа Алматыдан жұмыс табыла қоймады. Оңтүстік астанада кастинг-байқауларды іздеп жүріп, қатысты. Байқауларда бағын сынап, білмегенін үйренді. Ең алғаш эстрада әншісі Динара Кемелханның «Менің қазағым» атты әнінің бейнебаянына түсуге мүмкіндік алды. «Монах», «Проводники» сияқты қысқаметражды фильмдерге және «Городские легенды» сериялына түсті.

нияз3

 Сондай-ақ «Адель» фильмінде жас пионистің ролінде ойнады. Ізденісі мен талпынысының арқасында кино саласындағы мамандардың көзіне түсіп, режиссердің көмекшісі болып жұмысқа тұрады. Нияздың арманы адастырмады, еңбегі де еш кетпеді. Бүгінде ол «Қазақ елі» тарихи фильміне түсіп жатыр. Фильмде жас актер Шайбани ханның немересінің ролін сомдайды. 
-Бұл туындыда жағымсыз кейіпкерді сомдаймын. Шах Мұхаммед ерке өскен, тақ құмар жан. Тарихи тұлғаларды сомдау дегеніміз адамға үлкен жауапкершілік жүктейді. Сондықтан мұқият дайындалып, барынша тырысып жатырмын,-дейді актер Нияз Шайсұлтанов.

НиязНияздың кино саласында кәсіби білімі жоқ. Ол бар білімді кітаптан алады. Болашақта шетелдік жоғары оқу орнында оқығысы келеді. Биылғы жоба аяқталған соң АҚШ-та білім алсам деген ойы бар. 
– Бір таудың басына шықсаң, екіншісін көресің. Мендегі арман да солай. Таңдаған бағытым да ізденістен тұрады. Сондықтан АҚШ-та білім алып, Қазақстанның кино индустриясына үлес қосқым келеді. Қостанайдың астығы, табиғаты, еңбек ерлері туралы кино түсіргім келеді,-дейді Нияз Шайсұлтанов. 
Нияз Шайсұлтановтың қадамына қарап отырып «Талпынға жетер мұратқа» деген халық даналығы еріксіз ойға түседі. Жас актердің Қостанай туралы айтқан ойлары да көңіл қуантады. Туған өлкеміздің бидайы, көркем табиғаты, тарихи тұлғалары талай туындыға арқау боларлық тақырыптар емес пе. 

 
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретте: қостанйлық актер Нияз Шайсұлтанов;
Сурет кейіпкердің жеке мұрағатынан алынды. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓