Алған парасын 60 есе қылып қайтарады

Қостанай аудандық соты Октябрьский селолық округінің экс-әкімі 52 жастағы Р.-ға қатысты үкім шығарды. пара
Іс материалы бойынша, 2015 жылдың 17 қарашасында бұрынғы әкім өз кабинетінде Қостанай қаласының тұрғыны С.-дан 1 700 доллар сомасында пара алған. Ол мұндай арам ақшаны жеке тұрғын үй құрылысына жер телімін беруді уәде етуі арқылы алған. Мемлекеттік қызметкер оқиға үстінде ұсталды.   
Сот үкімі бойынша, сотталушы Р. алған парасын 60 есе қылып қайтарады, яғни мойнына 31 368 060 теңге айыппұл ілінді. Мұның сыртында барлық дүние-мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік органдарда лауазым иелену құқығынан өмір бойына айырылады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ. 
 
 
 

You may also like...

1 Response

  1. Ермек айтты:

    – Кім?

    – Әкім!

    – Не?

    – Үкім!

    – Ім-м-м…

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓