Оқыту семинары діни толеранттылығымызды нығайтады

Әкімдіктің кіші мәжіліс залында Діни мәселелерді шешудегі және халықтың діни толеранттылығын нығайтудағы институционалдық мүмкіндіктерін жетілдіру оқыту семинары өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Т.Әубәкіров, Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Н.Нөгербеков, "Социум & Я" қоғамдық бірлестігінің жаттықтырушысы М.Жұрқабаев, Діни проблемаларды зерттеу орталығының  жат пиғылды діни ағымдардың ықпалына ұшыраған адамдардың оңалту бөлімінің бастығы Р.Әмірхан және ауыл, ауылдық округтердің әкімдері, мектеп директорлары мен ақпараттық  насихат топ мүшелері қатысты.IMG_1584 Семинар жиынын аудан әкімінің орынбасары Түбекбай Ғабсалықұлы ашып, жүргізіп отырды. Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Нұриқан Қажымұқанұлы діни саланың өзекті мәселелері жөнінде түсінік берді. Айтуынша, қазіргі таңда мектеп оқушылары мен жастардың дінге деген бет  бұрысы жақсы. Дегенмен, олардың көбісі арнайы дін өкілдерінен дәріс алудың орнына интернет арқылы ислам дінін оқып-біліп жататындығы көңілге қонымсыз. 
Осы орайда ауыл әкімдері, білім бөлімі басшылары мен мектеп директорлары бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс жасау керектігін тілге тиек етті. 
"Социум & Я" қоғамдық бірлестігінің жаттықтырушысы Марат Кенжебекұлы Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңның нормаларын іс жүзінде қолдану дағдыларына оқыту төңірегінде семинар жұмысына қатысушыларды үш топқа бөліп, тренинг өткізді. Мәселен, теріс ағымдағы дін өкілдері әлеуметтік көмек көрсетеміз деп, арам пиғылдарын іске асырып, қарапайым ауыл тұрғынын жат ағымға итермелеген жағдайда ауыл әкімі қандай шара қолданатындығы жөніндегі үшеуара пікір талас тартысты болды. Ал, балиғат жасқа толған қыз баланың хиджап жамылып мектепке барғаны оның ата-анасы тиым салмай, керсінше, қолдау көрсеткенде мектеп директоры және сынып жетекшісі не істеу керек деген сауал семинар жұмысында қызу талқыланды.

IMG_1587Оқыту семинарының бір бөлігі – тестілеу. Мұнда ауыл, ауылдық округтердің әкімдері семинар барысында ойларына түйгендерін басқа дін өкілдерімен қалай жұмыс жасау керектігін, заңға сүйене отырып, тиісті іс-әрекет жасайтындықтарын паш етті. Артынша, осы тақырып төңірегінде пікір алмасып, мектеп директорлары өз ойларын ортаға салды.
Аудан әкімінің орынбасары Түбекбай Ғабсалықұлы семинар жұмысын қорытындылап, арнайы облыс орталығынан келген ақпараттық  насихат топ мүшелеріне аудан әкімдігінің атынан алғысын білдірді. Сонымен қатар, алдағы уақытта дәстүрлі дін өкілдерімен бірлесіп, аудан әкімінің жанынан құрылған ақпараттық-насихаттық топтың жұмысын одан әрі жандандыратынын айтты.

                                                                   
Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ
                                                                        Жанкелдин ауданы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓