Жол қозғалысының жаңа ережесі

ЖҚЕ енгізілген жаңашылдықтар бүгіннен бастап заңды күшіне енді. 
Тың өзгерістер мен толықтырулар жүргізушілер көңілінен шықса керек. Жол қозғалысының жаңа ережесі өткен жылдың соңында көлік иелері арасында шу шығарған еді. 13 шілдеден бастап аталмыш талаптарға бір қатар жаңашылдық енгізілді. 12619 Енді жол полициясы қызметкерлеріне темір тұлпарды басқаруға құқық беретін сенімхатты ұсыну міндетті емес. Бірақ, бұрын талап етілгендей, кісі көлігін мінген адам есімі сақтандыру полисінде көрсетілуі  қажет.  
 Сонымен қоса, арнайы белгіленбеген, кез келген жерде тоқтауға, тұрақтауға тыйым салатын тармақ ережеден алынып тасталды.  Ал, жаңа көлік иелеріне, жеке тұлғаларға,  автокөліктерін 7 жылға дейін техникалық тексеруден өткізбеуге ерік беріледі. Бұрынғы ережеде 4 жыл мерзім берілетін. 
 
Махаббат Бекбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓