Тергеу мекемесіне экскурсия
Қостанайдың бизнесмендері мен мемлекеттік қызметшілері жергілікті жергілікті тергеу изоляторына экскурсия жасады.
Тұтқындалғандардың ас мәзірі қалай? Жай-күйлері қалай? Демалысты қалай өткізеді? Облыстық тәжірибелі станциялар мен өңірдің квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары Қостанайдың тергеу изоляторына қамалған адамдардың тұрмысымен танысты.Мақсат – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру. «Тергеу изоляторы – әскерилендірілген күзеті бар және тұтқындап ұстаудың қатаң тәртібі енгізілген тәртіптік нысан. Мысалы, мұндағы серуендеу аумағы – қоршалған тар алаң, жоғарғы жағы металл жақтаулармен жабылған» – деп әңгімеледі экскурсия барысында ҚАЖД өкілі.
Облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Превенция басқармасының басшысы Рүстем Болат: «Ковидке дейінгі кезеңде де біз осындай экскурсияларға бірнеше рет бастама көтердік, түрлі деңгейдегі басшыларға, қалалар мен облыстардың әкімдеріне дейін тергеу изоляторының қабырғаларын көрсеттік», – деп атап өтті.
Экскурсия барысында қатысушыларды тар дәлізбен жүргізіп, тергеу кабинетіне, тексеріп-қарау бөлмесіне, кітапханаға және серуендеуге арналған алаңға апарды. Соңында меймандарға сыбайлас жемқорлықтың негативті әлеуметтік және экономикалық салдары туралы дәріс оқылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілінің ақпараты бойынша, ҚАЖД-мен бірлескен осыған ұқсас экскурсиялар тағы жалғасады. Оған мемлекеттік органдар мен қоғам белсенділері қатысырылатын болады.