Ақындар дүбірге бөледі

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтында М. Дулатұлының 130 жылдығына арналған ақындар айтысы ұйымдастырылды.
Институтта М. Дулатұлы атындағы әдеби бірлестіктің жұмыс жасайтыны көзіқарақты оқырманға көптен мәлім. Ұлт арысын дәріптеуге арналған ақындар айтысын институт деканы, белгілі айтыскер ақын Айбек Қалиев жүргізді.Изображение 018
Айтыс аламанында он ақын бақ сынады. Сүйсінерлігі, олардың барлығы дерлік осы бірлестіктің мүшелері. Бірлестік жетекшісі Айбек Киікбайұлының төл шәкірттері.  
Сөз өнерін саралаған әділқазылар алқасы да олқы болмады. Кезінде сан дүбірде ат оздырған саңлақ ақындар Молдатай Жапаров, Молдакәрім Байсеңгіров, Бағила Балмашевалар жас жүйріктердің әділ бағасын берді.

Изображение 017

Бәйгенің қорытыңдысы бойынша, қалалық, облыстық, республикалық айтыстардың жеңімпазы, институт түлегі Тоба Өтепбаев бас жүлдені қанжығалады. Бірінші орын Бекболат Қаленовке бұйырды. Екі екінші орын Қайролла Хафиз бен Батырлан Сағынтаевтың еншісінде. Екі үшінші орынды жас берендер Қамқор Рысбай мен Айбар Рағатов бөлісті.

Изображение 006

 
Ақындарға салт – дәстүрімізге сай сый – жоралғылар жасалды.
                                                                     
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓