“Жас Отанның” жарқын істері

Ә. Боранбаев атындағы кинотеатрда "НұрОтан" партиясы Арқалық қалалық филиалының жанындағы "ЖасОтан" жастар қанатының ұйымдастыруымен "Қазақ хандығының 550 жылдығына" арналған "Мәңгілік ел" атты мәдени іс – шара өткізілді.
Тарих тереңінен сыр шерткен тағылымды шарада қала әкімінің орынбасары Е. Мәметеков құттықтау сөз сөйледі.

IMG_6056

Өнерлі жастар театрландырылған қойылым арқылы елдіктің туын көтерген хандардың, батырлар мен билердің бейнелерін сомдады. Сондай – ақ, ақындар арнау жырларын айтып, жас дарындар ән мен күйдің тиегін ағытты.

IMG_6074

Жас ұрақты патриоттық рухқа үндеген жасотандықтардың жарқын істеріне "НұрОтан" партиясы Арқалық қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н. Хамзин, қалалық мәслихаттың хатшысы Н. Шалдыбаев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж. Ғапбасұлы қатысты.
                                                                     
М.ЖҮНІСҰЛЫ
 Арқалық қаласы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓