Қоғамдық тыңдалым өткізді

"Қостанай оңтүстік электр желісі" МКК  алдағы жаңа жылдан бастап, қызмет көрсету тарифін көтеруді мақсат етіп отыр. 
Бұл жөнінде ұжымның таяуда өткен қоғамдық тыңдалымында мәлім болды. 
Онда кәсіпорынның жоспарлау және экономикалық бөлімінің инженері Ә. Бәлдікованың баяндамасы тыңдалды. 

IMG_5657

Мамандардың айтуынша: алдағы бесжылдықты тың қадамдармен бастамаса болмайды. Тарифті өсіру – мекемедегі жұмыс ырғағын сақтап қана қоймай, ішкі және сыртқы мүмкіншіліктерін арттыра түспек. 

IMG_5654

Қоғамдық тыңдалымға облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің бас маманы С. Карпова мен Арқалық қалалық мәслихаты аппаратының жетекшісі Л. Фанина қатысты.

IMG_5678

       
 
                          Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ     
Арқалық қаласы.
       
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓