Облыста – жаңа имам

Жақында Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінде жиын болып өтті. Онда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Діни істер бөлімінің басшысы Камалжан Тұрдыбаев сөз алып, жаңа имаммен таныстырды.DSCF6250
Қазақстан мұсылмандары діни басқарамасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының арнайы бұйрығымен Бахытбек Нұрғабылұлы Тәжімбет Қостанай облысы бойынша өкіл имам және Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінің бас имамы болып тағайындалғандығын жеткізді.
Сондай-ақ, Камалжан Бекбосынұлы бұрынғы облыстың бас имамы Асылхан қажы Түсіпбек Бас мүфтидің бұйрығымен Қостанай облысы Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешітіне бас имам болып тағайындалғаны туралы бұйрықты оқып берді.
Бахытбек Нұрғабылұлы осы уақытқа дейін Ақтөбе қалалық мешітінің бас имамы болып қызмет атқарған. Оның есімі еліміздегі мұсылман бауарларымызға жақсы таныс.
Қостанай өңіріндегі күллі мұсылмандар қауымы облыстың жаңа бас имамы Бахытбек Тәжімбетке деніне саулық  қызметінде табыс тілейді. 

 

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің
баспасөз қызметі

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓