Спорт күніне орай

«Горняк» жастар спорттық клубының ашық стадионында кезекті жарыстар өз мәресіне жетті. Спорт күніне арналған бұл жолғы турнирде 2000-2001 жылы туған жасөспірімдер шағын футболдан өзара үздікті анықтады.минииии
Биылғы жарысқа жалпы 6 команда қатысты. Олар – жергілікті «Аят», «Горняк», Қашар, Алтынсарин, Қарасу құрамасы мен Ақтөбеден арнайы келген жеткіншектер. Үш күнге созылған турнир өте тартысты, әрі қызықты өтті.минии
– Біз басқа командалардың қандай деңгейде ойнайтындықтарын көріп, өзара тәжірибе алмастық. Жалпы, жігіттер жанкүйерлерін қуантты. Мен олардың барлығы болашақта үлкен футболдың жұлдыздары атанып жатса, еш таңданбас едім, – дейді жарыстың бас төрешісі Евгений Сластников.мини
Турнир қорытындысы бойынша Рудныйлық «Аят» құрамасы 3-орынға жайғасты. Қарасулықтар мен ақтөбеліктер бірдей ұпай жинады. Бірақ та қақпаға салынған доптың айырмасымен Ақтөбенің жігіттері жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, Нұрбол Құрманғалиев, Әлішер Сәрсенбаев, Ерназ Сәркенов, Алмат Тоймановтар жарыстың үздік ойыншысы атағын иеленді. Барлық командалар дипломдармен және естелік сыйлықтармен
марапатталды.
мени
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓