Баласы мүгедек анасын ұрып өлтірді

Лисаков тұрғыны сал ауруына шалдыққан анасын өлімші етіп соққыға жықты деген күдікпен айыпталды.убийца
42 жастағы К.-ға қатысты қылмыстық іс Лисаков қалалық сотына келіп түсті. Тергеу маретиалдары бойынша, бұл азамат өмір бойы мектепте мұғалім болып істеген, 2008 жылы зейнетке шыққан анасымен бірге тұрған. Осы жылдың наурыз айында оқыстан инсульт алған зейнеткер сал ауруына ұшырап, денесінің оң жақ бөлігі жансыз болып қалған. Салдарынан оны бағып-қағуға ұлы мәжбүр болады. Ол ешқандай жерде жұмыс істемеген, зейнетақы есебінен күн көрген.
Тамыздың 14-і күні, сағат 9.00-де ішімдікке сылқия тойған азамат анасымен кезекті рет ұрысысып қалады. Ақырында ұрыс-керіс аяғы ұлының кейуанаға ауыр соққылар жасауына әкелген. Мұнан соң К. Пәтерді тастап тысқа шығып кеткен. Үйге тұрақтамай қойған. «Бас жазу» үшін ғана келіп жүрген. Тек 4 күн өткеннен кейін ғана анасы жатқан бөлмеге кіріпті. Қарияның диван үстінде сол соққы алып құлаған қалпында қозғалыссыз жатқанын көріпті. 
Шешесінің жан тапсырғанына көзі жеткенін білгеннен кейін оны киіндіріп, полиция шақырған. Көршілердің айтуынша, анасы мен ұлы қоғамнан оқшау тұрған, ешкіммен араласып-құраласпаған. Сорақысы, қоңсыластары кемпірдің «таяқ жеген» түрін жиі көріп келген. Бірақ олар ұлының үстінен шағым түсіруді жөн көрмепті.  
Қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы 17-қарашаға белгіленді. 
 
Ж.Жүсіпбек

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓