Мақсат- инновациялық оқытуды қолдану
Қарабалық. А. Құнанбаев атындағы орта мектебінде «Заманауи сабақ. Мақсат қою» тақырыбында практикалық семинар өтті. Семинар барысында деңгейлік курстардың түлектері іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Сонымен бірге оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу процесіндегі кездесетін кедергілерді анықтау бойынша сауалнама, сертификатталған мұғалімдердің ашық сабақтары, «Мақсат қою» тақырыбы бойынша коуч-сессия болды.