Қостанайда өртенген үйден кісі қолынан қаза тапқан әйелдің денесі табылды
Қайғылы оқиға 23 ақпанда болған. Сол күні сағат 21:00-де "102" пультіне Дачный көшесіндегі 1-үйдің өртеніп жатқаны туралы хабар түскен. Өрт сөндіру кезінде 76 жастағы әйелдің мәйіті табылды.
Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болған.
"Аталған дерек Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігі бойынша тіркелді. Жедел іздестіру шаралары кезінде қаланың екі тұрғыны ұсталды. Күдіктілер кінәларын толық мойындады. Заттай айғақтар алынып, қылмыстық іс материалдарына қосылды. Күдіктілер қамауда отыр", – делінеді облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.