Өрт қауіпсіздігі қызметі сын көтермейді

Жыл басынан бері өңірде 671 өрт оқиғасы орын алған. Тілсіз жау 14 адамның өмірін жалмап, 21 адамға түрлі дәрежедегі жарақат салған. Материалдық шығын көлемі –  33 047 мың теңге. Облыс әкімдігінде өткен жиында Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Талғат Кәкімов өңірдегі өрт қауіпсіздігі қызметінің жұмыс нәтижелері туралы есеп берді. ТЖҚ басшысының айтуынша, биыл орын алып отырған өрт оқиғаларының көбі тұрғын үй секторына тиесілі. Соңғы жеті ай ішінде 434 тұрғын үй, 104 автокөлік өртенген. Өрт шалған нысандар қатарында 4 білім ғимараты бар. Өрт қауіпсіздігінің сақталмауы салдарынан Меңдіқара ауданындағы Иванов бастауыш мектебі, Қостанай әлеуметтік колледжі, З.Алдамжаров атындағы әлеуметтік-техникалық университет ғимараттарын өрт шалған.  Сондай-ақ, сауда мекемелерінде 16, өнеркәсіп ғимаратарында 7 өрт оқиғасы тіркелген.
 
Өрттің шығу себебі
Өрт оқиғасы
2018 жыл
2017 жыл
Абайсызда
321
352
Электр жабдықтарын орнату және пайдалану ережелері сақталмаған
167
136
Жылу пешін орнату және пайдалану барысында өрт қауіпсіздігі ережелері бұзылған
93
49
            Облыстың төтенше жағдайлар қызметі өңірде өрт қауіпсіздігін сақтау және оның алдын алудың кешенді шараларын қолға алған. Өрт қауіпсіздігі қызметкерлері бүгінге дейін жергілікті полициямен бірлесе отырып  18 мың аулаға бақылау-тексеру жүргізген. Депратамент мамандары жаз ыстығында өрт қауіпсіздігін күшейту туралы жеке пәтер иелері кооперативтері мен саябақ бірлестіктерінің қатысуымен 226 жиын өткізіп, тұрғын үйлердің кіре берістеріне өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөніндегі ескертпелер ілген.  
Жоспарлы тексеру жұмыстары барысында өңірде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаған 923  нысан анықталған. Жауапты тұлғаларға 5 млн теңгенің үстінде әкімшілік айыпптұл салынып, 6 нысанның жұмысы 33 күнге дейін тоқтатылған. DSC_0002
ҚР Бас Прокуратурасының тапсырмасымен ТЖД мамандары департаментте тіркеуде тұрған өрт шығу қаупі бар 60 сауда орнын тексерген. Олардың ішінде  сауда-сауық орталықтары, сауда үйілері, супермаркеттер мен гипермаркеттер бар. Тексерістен Қарабалықтағы  «Делюкс» СО ғана аман өткен. Қалған 59 сауда нысанынан 443 өрт қауіпсіздігін бұзу дерегі анықталған. Олардың бірінде эвакуациялық шығу жолдары жабық,  екіншісінде өрт белгісін беретін автоматты құрылғы істен шыққан. Тексеру қорытындысы бойынша 59 заңды тұлғаға жалпы сомасы 462 962 теңге көлемінде айыппұл салынып, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ескерту берілген.  Мұның сыртында, жалпы білім беретін және мектепке дейінгі тәрбие беретін 72 мекеме ғимаратына тексеру жүргізіліп, 217 өрт қауіпсіздігін сақтамау дерегі анықталған.
Сала басшысының есебін тыңдаған облыс әкімі Төтенше жағдайлар қызметі атқарған жұмыстарға көңілі көншімейтінін білдірді. Облыс басшысы өңірде өрттің алдын алу шаралары жеткілікті түрде жүргізілмей жатқанын тілге тиек ете келіп, Науырзым қорығында болған өртке кінәлі тұлғалардың әлі күнге дейін анықталмай отырғанын сынға алды.  DSC_0034 – Олар көктемде қоқыс қалдықтарын өртеді де, оны қараусыз қалдырды. Жел көтерілді де, айналаны түгел от шарпыды. Бұл оқиға туралы тексеру құжаттарының қорытындысы  неге жоқ?  Табиғат байлығын өртеген кім? Ол неге анықталмады? Бұл туралыс мен сізге 4 ай бұрын тікелей тапсырма бердім. Нәтиже қайда? Кім кінәлі? Табиғи қорықтарды сақтап, күзетудің орнына, оны өртеп, жоюмен айналысатын басшылар бізге керек емес. Ертең кешке дейін өртке кінәлі кім екенін анықтап, қорытынды шығарып, құжатты алдыма әкеліңіз! – деді Архимед Мұхамбетов.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓