Зейнеткер жоғалып кетті
Қостанай облысында 79 жастағы зейнеткер жоғалып кетті. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап, ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.
Меңдіқара аудандық полицейлері Затобол елді мекенінің тұрғынына іздеу салды. 79 жастағы Ахметжан Зайырбаев 8 сәуір күні сағат 8:00 шамасында Боровской ауылындағы танысының үйінен шығып кеткен.
«Оның бойы – 160-165 см, арық денелі. Шашы қысқа, қара түсті. Оң жақ қабағының үстінде тыртық бар. Үстіне қара дубленка және қысқы бас киім киген. Осыған дейін инсульт алған», – делінген облыстық ІІД таратқан хабарламада.
Жоғалған кісі туралы қандай да бір ақпараты бар тұрғындардан 8-71443-2-12-38, 8-714-43-2-12-41, 8-714-43-2-15-64, 8-777-276-86-68 немесе "102" нөміріне қоңырау шалу сұралады.