Жұлдызы жанған жас өрендер
Арқалық қаласының жас таланттары (жетекшісі Қ. Жақыпбекқызы) Алматы қаласында өткен ХІІ Республикалық "Ақ көгершін" балалар ән фестивалінен жақсы жетістікпен оралды.
Атап айтсақ, орта топта А. Жәнкіш бірінші, Ә. Мырзағалиев екінші, жоғары топта Ж. Сәбитбек бірінші, Д. Жүсіпова мен А. Қозбақова үшінші дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жеңімпаздар енді алдағы Наурыз айында Астана қаласында өтетін Халықаралық байқауға қатысатын болады.
Мұрат Жүнісұлы,
Арқалық қаласы.